Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Павлодар облысында 65 тонау қылмысы тіркелді

Биыл Павлодар облысында 65 тонау қылмысы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел басқару орталықтарының жұмысы құқық тәртібін қамтамасыз етудің, құқық бұзушылықтармен, оның ішінде көшелер мен қоғамдық орындарда күресудің тиімділігін, полицияның кешенді күштерінің қылмыстарға жедел ден қоюының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ халыққа сервистік қызметтер көрсету шеңберінде азаматтардың олар туралы хабарлауына бағытталған.

– Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 193 қылмыс ашылды, олардың көпшілігі ұрлық. Сонымен қатар бейнекамералардың арқасында 11 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың, оның ішінде 1569 жол жүру ережелерін бұзудың, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішудің 1219 фактісінің, қоғамдық орындарда бұзушылықтың 560 фактісінің және ұсақ бұзақылықтың 70 фактісінің жолын кесуге мүмкіндік туды, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мысалы, 16 қазан күні сағат 13:07-де «102» операторының пультіне Муткенов көшесіндегі дүкенде белгісіз ер адам сатушыны сынған бөтелкемен қорқытып, 20 мың теңге сомасында ақша қаражатын ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Осы факті бойынша жақын маңдағы аудандарда жұмыс істеген барлық полиция наряды дереу бағдарланды. Алынған ақпарат бойынша ЖБО инспекторлары аталған аудан мен көрші көшелерді қарау кезінде көше камералары арқылы Суворов көшесінде ұқсас ер адамды тіркеді.

– Күдікті ер адам ұсталды. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 65 жастағы ер адам болып шықты. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Павлодар қаласындағы УҰИ-ға қамауға алынды, – деп хабарлады полиция.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі. Айта кету керек, ағымдағы жылы облыс аумағында 65 тонау тіркелген, олардың әрқайсысы бойынша тергеу жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру