Биыл Павлодар облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 124 ЖКО тіркелді
Биыл Павлодар облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 124 ЖКО тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері облыс аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 124 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан екі бала қаза тауып, 135-і жарақат алды.
– Мысалы, Павлодар қаласындағы Торайғыров көшесі бойында жаяу жүргіншілер өткелінде көлік жүргізушісі реттелетін жаяу жүргіншілер жолымен жүріс бөлігін өткен кәмелетті қағып кеткен. Салдарынан әртүрлі жарақаттары бар кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, ал құқық бұзушының көлігі коммуналдық тұраққа қойылды. Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші соқтығысқан кезде сау болды, – деді Павлодар облысының ПД.
Павлодар облысының полициясы барлық азаматты жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.