Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Павлодар облысында тыныштықты бұзған 6 мыңнан астам тұрғын жауапқа тартылды

Биыл Павлодар облысында тыныштықты бұзған 6 мыңнан астам тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тыныштық уақытында шу көтеру — әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады. Статистикаға сәйкес жыл басынан бері Павлодар облысында түнгі уақытта тыныштықты бұзған 6244 тұрғын анықталып, барлығы жауапкершілікке тартылған.

Кезекті түнгі уақытта өзгенің тыныштығын бұзу дерегі Павлодар қаласында тіркелді. Сағат 03:54-те Малайсары көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғыны полицияға қоңырау шалып, қабырға сыртындағы көршілердің музыканы қатты қойып жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына барған полицейлер айтылған деректі растады.

Осындай шағым Ломов көшесіндегі тұрғындардан да түскен.

— Бұл — көпбалалы отбасы, олар үнемі тыныштықты бұзады, алкоголь ішіп, түнгі уақытта айғайлайды. Үнемі шулағандықтан балаларымыздың ұйқысы бұзылып, мектептегі үлгерімі төмендеп кетті. Ескерту жасасақ та елемейді, — деді қоңырау шалған тұрғын.

Полиция тыныштықты сақтауға, өзгелердің мазасын алмауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру