Биыл павлодарлық полицейлер 12 мыңнан астам қылмыстық істі тергеді
Биыл павлодарлық полицейлер 12 мыңнан астам қылмыстық істі тергеді. Бұл туралы облыстық полиция ведомствосының басшысы Василий Скляр брифингте айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеу және анықтау ісін бойынша 12287 қылмыстық іс болды, оның ішінде 310 материал бойынша сотқа дейінгі жедел тергеу қолданылды. 6 мыңнан астам қылмыстық іс жүргізумен аяқталды.
Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тергеу мерзімі 3133 қылмыстық іс бойынша үзілді: қылмыстық жауапқа тартылуға жататын адамның анықталмауына байланысты – 2467 іс, қылмыскерді іздестірумен – 58, сараптама тағайындаумен – 566 іс.
Мысалы тергеу басқармасы құрамында 4 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеуді аяқтады, олар 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың наурызына дейін Павлодар және еліміздің басқа облыстарының аумағында орналасқан жиынтық трансформаторлық қосалқы станцияларға заңсыз кіру жолымен қымбат электр жабдықтарын ұрлап, сол арқылы ұйымдарға аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірді.
Күдіктілердің жабық әрекеттеріне қарамастан, тергеуші күдікті адамдарды және олардың қылмыстық әрекеттерінің механизмін, атап айтқанда ұрланған жоғары вольтты электр жабдықтарын Алматы қаласына өткізу үшін тасымалдаған жағдайды анықтады. Ұрланған электр жабдықтарының бір бөлігі иелеріне қайтарылды, күдіктілердің кінәсі ұрлаудың тоғыз фактісі бойынша дәлелденді.
Күдіктілердің іс-әрекеттері ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында жасалған аса ірі мөлшерде ұрлық бойынша сараланады. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттерін жүргізу аяқталды, процеске қатысушылар материалдармен танысады, кейін қылмыстық іс сотқа беріледі.
Полиция қызметкерлері тергеп-тексеретін қылмыстық құқық бұзушылықтардың қатарына жол-көлік оқиғаларын тергеу де кіреді.
Полиция қызметкерлері тергеп-тексеретін қылмыстық құқық бұзушылықтардың қатарына жол-көлік оқиғаларын тергеу де кіреді. Өткен кезеңде облыс жолдарында 433 ЖКО тіркелді, соның салдарынан 538 адам жарақат алып, 70 адам қаза тапты.
Айта кетейік, өңірдің автожолдарында жүргізушілер мас күйде болған 22 ЖКО тіркелген. Осындай оқиғалардың салдарынан 14 адам қаза тауып, тағы 19 адам зардап шекті. Облыс анықтаушылары жол-көлік оқиғаларына байланысты 278 қылмыстық істі тергеді.
Мәселен осы жылы Павлодар қаласында жаяу жүргіншіні қағып кеткен Ресей Федерациясының азаматына қатысты ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп, нәтижесінде алған жарақаттарынан соңғысы қайтыс болды. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша іс жүргізумен аяқталды. Сот үкімімен көрші мемлекеттің азаматы 2 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды.