Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Петропавл полицейлері 36 тұрғынды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберді

Биыл Петропавл полицейлері 36 тұрғынды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

33 жастағы петропавлдық ерекше талаптарды бұзғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Үнемі мас күйінде жанжалдар шығара бергендіктен сот оған алкогольдік ішімдіктерді ішуге тыйым салды. Дегенмен, полицейлер “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында тексеріспен барған кезде қала тұрғыны тағы да мас күйінде болған. Қазір ол әкімшілік қамауға алынған. Сонымен қатар баласының мас қылықтарынан шаршаған анасының өтініші бойынша ол мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін болады. Қазіргі уақытта учаскелік инспектор қажетті материалдарды жинаумен айналысып жатыр.

37 жастағы петропавлдық тұрғынға да полиция қызметкерлері көмектесті. Ішімдік ішу оны ажырасуына себепші болған. Жанұясыз қалған ол ата-анасымен бірге тұра бастаған. Алайда үйде үнемі жанжал шығарып отырған. Қазіргі уақытта ол ерекше талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік қамауға алуды өтеп жатыр. Мәжбүрлі емдеуге де жіберу жоспарланған ата-анасының шағымына алаңдаған інісі тиісті өтініш берген.

– Мұндай оқиғалар сирек емес, жыл басынан бері Петропавлдың 36 тұрғыны мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Учаскелік инспекторлар есепке алынған адамдардан бөлек отбасылық жанжалқойларды да үнемі тексереді, қолайсыз отбасыларда профилактикалық жұмыс жүргізіп, адамдарға алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін жақын туыстарын мәжбүрлеп емдеуге жіберу тәртібін түсіндіреді. Бұл жұмыс тамыздың 26-28 аралығында өткізілетін “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында күшейтіледі. Сондай-ақ екі күн ішінде тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша 321 есепке алынған адам тексерілді, – дейді Петропавл қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлім бастығы Айдын Ахмағамбетов.

Сондай-ақ полицейлер бұл күндері Петропавлдағы қараусыз қалған үйлер мен саяжай учаскелерін, жалдамалы тұрғын үйлер мен жатақханаларды, тұрғын үй массивтерін тексеруде. Барлығы 298 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болудың 56 дерегі, жалпы пайдаланудағы жерлердің ластанудың 31 фактісі, 14 отбасылық тұрмыс саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру