Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Петропавл полицейлері жасөспірімдердің түнде серуендеуінің 235 дерегін анықтады

Биыл Петропавл полицейлері жасөспірімдердің түнде серуендеуінің 235 дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Серуендеп жүріп, сағатқа қарамаппын». «Міне үйге бара жатырмын» – Ювеналдық полицейлер сағат 23:00-ден кейін көшеде қыдырып жүрген кәмелетке толмағандардан осындай сылтау естиді. 4 айдың ішінде жасөспірімлердің түнде серуендеп жүруінің 235 фактісін анықтады.

18 жасқа толмаған кейбір жасөспірімдер өздерінен әлдеқайда үлкен достарымен бірге аулаларда көңіл көтеріп уақыт өткізеді. Мұндай басқосулар алкогольді ішімдіктерсіз өтпеуі де мүмкін. Жыл басынан тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған балаларының спирттік ішімдік ішкені үшін 19 ата-ананы жауапкершілікке тартты.

– Ересектердің кейбірі заңнаманы қате түсінетін кездер де болады. Мәселен, ересектер кәмелетке толмаған балаларын түнгі уақытта көңіл көтеру орындарына жас шамасы жағынан үлкен ағаларымен, әпкелерімен, басқа туыстарымен бірге жібереді. Айта кету қажет, олар заңды өкіл болып табылмайды, – дейді Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің құрамындағы ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Жанат Мұстафина.

Полицейлердің айтуынша, жасөспірімдердің ата-аналары, оларды алмастыратын тұлғалар немесе тиісті сенімхат ресімдеген тұлғалар олардың заңды өкілдері бола алады. (мысалы, жарыстарға оқушылармен бірге баратын ұстаздар мен жаттықтырушылар).

Құқықтық сауаттылық жағынан осындай кемшіліктер болмас үшін тәртіп сақшылары мектептердің, колледждердің оқушыларымен кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, ата-аналар жиналыстарына қатысады.

Полиция қызметкерлері айтып өткендей, жасөспірімдердің тәртіпсіз болуы және қараусыз жүруі заңға немқұрайлы қараудан басталады. Бұл өз кезегінде кәмелетке жасына толмағандардың өздерімен және оларға қатысты қылмыс жасалуына алып келуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру