Биыл Қызылорда облысында 12 мыңнан астам шетелдік азамат тіркеуге алынды
Биыл Қызылорда облысында 12 мыңнан астам шетелдік азамат тіркеуге алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Қызылорда облысының аумағына түрлі мақсатпен келген 12 271 шетелдік азамат тіркеуге алынды.
Шетел азаматтарының қатысуымен 610 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде 34 шетел азаматы республика аумағынан аластатылды. Шетелдіктердің болу ережерлерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 350 азаматына қатысты шара көрілді.
– Құрметті тұрғындар! Жұмыс жасауға келген шетел азаматтарының құжаттарын заңда көрсетілген мерзімде Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы заңдастырып, көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс жасатқандарыңыз абзал. Заң талаптары бұзылған жағдайда шара көрілетіндігін ескертеміз, – дейді полицейлер.