Биыл Қызылорда облысында 800-ге жуық жол белгісі жаңартылды
Қызылорда облысында жол инфрақұрылымын жақсарту және жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында полиция жергілікті атқарушы органдарға 265 ұсыныс жолдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекция саласының қызметкерлері 10 ай ішінде облыс бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен онда орналасқан жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының жай-күйіне 1570 рет тексеру жүргізді. 34696 шақырым жол қамтылды.
Автомобиль жолдары мен көше-жол тораптарында анықталған кемшіліктерге барлығы 1609 нұсқама беріліп, 239 лауазымды тұлғаға әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Департамент тарапынан автомобиль жолдары мен көше-жол тораптарында жол инфрақұрылымдарын жақсарту мен қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейін арттыру жөнінде жергілікті атқарушы органдарға 265 хабарлама-ұсыныс жолданды.
Жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында берілген нұсқамалар негізінде көше-жол тораптарына 985 жол белгісі орнатылып, оның 795-і қалпына келтірілді, 190-ы жаңартылды, 35 039 шаршы метр жол таңбасы жазылып, термопластикадан 15848 шаршы метр салынды.
Осы жылы 261 км автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 37 шақырымды қамтитын түнгі жарық шам қондырғылары орнатылып, 43 шақырым жаяу жүргіншілерге арналған жол салынып, 35 жаяу жүргіншілер өткеліне лазерлі сәуле таратушы құрылғылары орнатылып, апаттылықтың алдын алу мақсатында 20 жерге жасанды кедергілер орнатылды.