Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Қызылордада пробация есебіндегі 73 сотталған түзеу мекемесіне жіберілді

Биыл Қызылордада пробация есебіндегі 73 сотталған түзеу мекемесіне жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық, қалалық пробация қызметінің есебінде мыңнан астам азамат пробация бақылауында тұрады. Олардың арасында сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеуден жалтарып жүрген сотталғандар да кездеседі. Пробация инспекторлары жүргізген профилактикалық жұмыстардан нәтиже шығармаған сотталғандар сот қаулысымен түзеу мекемесіне жіберіледі.

Жыл басынан пробациялық бақылауда жүріп, жаза өтеу тәртіптерін қаскөйлікпен бұзған 73 сотталған сот қаулысымен бас бостандығынан айырылып, түзеу мекемесіне жіберілген.

Жуырда Қазалы аудандық пробация есебінде шектеу жазасымен есепте тұрған азамат сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, түзеу мекемесіне жіберілді. Оған сот үкімімен ҚР ҚК-нің 191-бабының 2- бөлігімен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген. Пробация қызметіне есепке алу барысында Қазалы аудандық пробация қызметкерлері сотталғанға жазаны орындау тәртібі, сот жүктеген міндеттерді орындау мен пробациялық бақылаудың шарттарын егежей-тегжейлі түсіндіріп, жаза тәртібін бұзған жағдайда бас бостандығынан айырылатынын ескерткен болатын. Алайда ол заң талаптарына бағындай, үш рет әкімшілік құқық бұзушылық жасап, бір рет тіркеуге келмеген.

Сотталғанға қатысты құжаттарды жинақтаған аудандық пробация қызметі оның бас бостандығын шектеу жазасын, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа ұсыным жолдаған. Сот қаулысымен жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығына айыру жазасына ауыстырылып, түзеу мекемесіне жіберлді. Қаулы заңды күшіне енген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру