Биыл СҚО-да 500-ге жуық отбасылық жанжалқой қамауға алынды
СҚО-да жыл басынан бері 500-ге жуық отбасылық жанжалқой қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО-да полиция қызметкерлері мен қоғам қайраткерлері «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» атты ауқымды акциясын ақ ленталарды таратудан бастады. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні 25 қарашадан басталды.
Ақ лента – халықаралық қоғамдастық қабылдаған зорлық-зомбылықтың кез келген түрімен келіспеушіліктің символы ретінде. Полицейлер мен волонтерлер, депутаттар және мүдделі органдардың өкілдерімен бірге оларды ақпараттық буклеттермен бірге адамдарға таратып берді.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 62 қылмыс, сондай-ақ 1972 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Олар бойынша 470 адам әкімшілік қамауға алынып, 55-не айыппұл салынды және 248-не ескерту жасалды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған уақытша болу және тұру орталығына 68 әйел мен бала орналастырылды.
Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз зорлық-зомбылыққа ұшыраса, онда:
– «111» ұлттық республикалық сенім телефонына (тәулік бойы);
– «102» пультіне (тәулік бойы);
– СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобына 8 (7152) 61-25-30;
– Петропавл қаласының полиция басқармасына 8 (7152) 49-31-58 нөмірі арқылы не тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция пунктіне;
– «Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ Солтүстік Қазақстан филиалына 8(7152) 461326 нөмірі арқылы хабарласыңыз.