Биыл СҚО-да сотталғандарға 27 телефон жеткізбек болған күдіктілер анықталды
СҚО ҚАЖД тыйым салынған заттарды мекемеге алып өту әрекеті үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті тыйым салынған заттардың мекемеге ену арналарын жабу, оларды табу және тәркілеу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.
Жыл басынан бері СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелерінде жалпы саны 27 ұялы байланыс құралдарын алудың 6 фактісі тіркелді. Биылғы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, біреуіне ескерту шығарылды. Тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу мақсатында қызметкерлер қызметтік иттерді пайдалана отырып, мекемелерге іргелес аумақтарды тұрақты негізде патрульдеуді жүзеге асырады.
Мекеме аумағына кіретін және шығатын барлық тұлға жеке тексеруге арналған және киім астында, сондай-ақ адам денесінің ішінде немесе протездерде жасырылған барлық затты анықтауға қабілетті рентгенскопиялық сканер арқылы тексеріледі.
Сонымен қатар орнатылған рентген-телевизиялық қондырғы сөмкелерде, сәлемдемелерде, сауқаттарда, бандерольдерде және багаждарда тасымалданатын барлық жасырылған затты анықтауға кепілдік береді.
СҚО ҚАЖД Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті үшін әкімшілік (ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК-нің 287, 296, 297-баптары) көзделгенін еске салады.