Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Түркістан облысында интернет-алаяқтықтың 454 дерегі анықталды

Түркістан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Ермек Шәкім БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ермек Шәкімнің сөзінше, елімізде соңғы жылдары интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстың саны күрт өскен және осы орайда Түркістан облыстық полиция департаменті тарапынан арнайы “CyberPol” тобы құрылды.

Сонымен қатар статистикаға сәйкес осы жылдың 10 айының қорытындысымен облыс көлемінде интернет-алаяқтық бойынша 454 іс тіркелсе, оның 196-сы сотқа жолданған. Аталған саладағы қылмыстың ашылу пайызы – 44,5%. Сонымен қатар биыл 1 қарашадан бастап ІІМ-де интернет-алаяқтықпен күресті тиімді жүргізу мақсатында киберқылмысқа қарсы күрес департаменті құрылды.

– Алдағы уақытта өңірде осындай дербес басқарманы ашу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Сондай-ақ арнайы мақсаттағы топтың әлеуметтік желілерде парақшалары ашылды. Бұдан былай алаяқтардың құрбанына айналған азаматтар әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға анонимді түрде өз арыз-тілектерін жолдай алатын болады, – деді Ермек Шәкім.

Осы бағытта атқарылатын жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізелтіндігін айтып өткен жедел уәкіл тәртіп сақшыларының қай кезде болсын тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру