Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Түркістан облысында заңсыз айналымнан 200 келіден астам есірткі тәркіленді

Биыл Түркістан облысында полиция заңсыз айналымнан 200 келіден астам есірткі тәркілеп, 91 сайтты бұғаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында есірткінің заңсыз айналымы мен нашақорлыққа қарсы профилактикалық іс-шаралар қарқынды жүріп жатыр. Жалпы, осы жылдың 6 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 423 дерек тіркелді. Оның ішінде 201-і – қылмыс, 222-сі – теріс қылық. Заңсыз айналымнан 200 келіден астам есірткі тәркіленді.

Сондай-ақ синтетикалық есірткімен байланысты 24 дерек анықталып, заңсыз айналымнан 1 келіден астам синтетикалық есірткі алынды.

Сонымен қатар мониторинг жұмыстарының нәтижесінде синтетикалық есірткі таратуы мүмкін 91 ақпараттық сайт бұғатталды. Есірткіні қоғамдық орында қолданудың екі дерегі анықталды. Ал автокөлік құралын есірткілік масаң күйде басқарудың 24 дерегі тіркелді.

Қазіргі таңда облыс бойынша 295 азамат нашақор есебіне алынған. Олармен профилактикалық іс-шаралардың рөлін көтеру мен әкімшілік заңнаманы күшейту мақсатында ІІМ-нің операциялық жоспары жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері мектеп оқушылары мен студент жастар арасында 262 есірткіге қарсы профилактикалық іс-шаралары өткізіліп, оған жалпы 44 мыңнан астам тұрғын қатысты.
Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар арасында қоғамдық орындарда есірткі тұтыну фактілері тіркелмеген.

Сондай-ақ 26 мамыр мен 26 маусым аралығында бір ай бойы “26 маусым – Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні” іс-шарасы облыс әкімдігі, оған қарасты басқармалары мен Түркістан облысы ПД ЕҚҚІҚБ-мен бірлесіп өткізілді.

Іс-шараға танымал спортшылар, әншілер, қоғам қайраткерлері, халық қалаулылары қатысып, жастарға есірткі мен нашақорлықтан аулақ болу және салауатты өмір салтын ұстау туралы үндеулерді жолдады.

17 аудан, қала орталықтарындағы саябақтарда және барлық білім беру ұйымдарында 2023 -2024 оқу жылы оқушылардың қысқы, көктемгі демалысы кезінде нашақорлыққа қарсы бағытталған “Есірткісіз болашақ” акциясы, 102 кездесу, 20 концерт және нашақорлыққа қарсы қойылымдар ұйымдастырылды. Жоғарыда аталған іс-шараға жалпы 20 440 оқушы қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру