Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Түркістан облысында заңсыз айналымнан 250 келіден астам марихуана тәркіленді

Биыл Түркістан облысында заңсыз айналымнан 250 келіден астам марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері осы жылдың 9 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 629 деректі анықтады. Оның 35-і есірткі сату, 67-сі заңсыз егу, 10 жайты аса ірі көлемде есірткі сақтау. Сондай-ақ 1 есірткі зертханасының жұмысына тосқауыл қойылды.

Жалпы, заңсыз айналымнан 250 келіден астам марихуана мен 3,5 мың дозаға жуық синтетикалық есірткі заты тәркіленді.

Мәселен, Батыс Қытай – Батыс Еуропа тасжолы бойында Ford автокөлігі тоқтатылып, Шымкент қаласының тұрғынынан 79 келі кептірілген марихуана тәркіленіп, күдікті қамауға алынды.

Есірткі жарнамалау, граффити жазулары бойынша 8 дерек тіркеліп, есірткі жарнамалаушы 94 ақпараттық сайт бұғатталды.

ҚР ІІМ-нің тікұшағымен есірткі алқаптарында әуемен барлау жұмыстары жүргізіліп, 63 дерек анықталды.  

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру