Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Жетісу облысында ішімдікке салынған 56 адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді

Биыл Жетісу облысында ішімдікке салынған 56 адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісуда полиция мен БАҚ өкілдері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық агрессор құрбандарына көмек көрсету тақырыбын қарастырды.

«Полиция жұмысының сервистік тәсілі» пилоттық жобасы жұмысының негізгі бағыттарының бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық агрессор құрбандарына көмек көрсету. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық бүгінде әлемдегі ең көп таралған түрлердің біріне жатады.

Әр түрлі отбасылық жанжалқойлармен, әдетте, учаскелік полиция инспекторлары жұмыс істейді.

– Тәжірибе көрсеткендей, құқық бұзушылық жағдайларының 73%-ы мас күйінде жасалады. Маскүнемдікке бейім адамдарды қоғамға қайтару мақсатында біздің өңірде биыл 56 адам ішімдіктерге салынушылықтан мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Сондай-ақ отбасылық жанжалқойлардың әрекеттерін шектеу жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы 4 айда полиция 884 шағым тіркеді. Қорғаныс нұсқамасы 709 құқық бұзушыға қатысты қойылды, оның 27-сі алкогольді тұтынуды шектей отырып, қосымша ерекше талаптар белгіленді, – деп атап өтті ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мұхметов.

Жалпы, жыл басынан бері өңірде қылмыстық іс қозғалған 26 отбасылық-тұрмыстық жанжал тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру