«Біз бір отбасындай!»: тәртіп сақшылар көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуін жалғастыруда
Алматылық полицейлер көпбалалы отбасыларға көмек көрсетуді жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы тәртіп сақшылары көп балалы отбасыларға көмек көрсетуді жалғастыруда.
«Біздің бөлімнің қызметкерлері қиын уақытта мейірімділік пен бірлікті көрсетуге бағытталған «Біз біргеміз» науқанын үлкен қуанышпен қолдады. Біз көп балалы отбасылар мен зейнеткерлерге азық-түлікпен көмек көрсеттік. Атап айтқанда, біз, Жетісу ауданында тұратын бірнеше отбасында болып, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналарға, сондай-ақ, асырауында мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналарға көмектестік. Дәл осындай көмек қарт адамдарға да көрсетілді. Біздің қызметкерлеріміз бен жалпы қоғам қиын жағдайға қарамастан мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, игі істерге мүмкіндік табатындығы қуантады. Біз бұл дәстүрді әлі де жалғастырамыз», – деді, Метрополитендегі полиция Басқармасының бастығы Тимур Өсекбаев.