Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Біз нашақорлыққа қарсымыз!»: Ақтау полицейлері студенттермен кездесу өткізді

Ақтау полицейлері студенттермен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасында «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» жүзеге асыру мақсатында 20 қыркүйек күні Ақтау қаласы Yessenov University-де білім алушы студенттермен профилактикалық кездесу өткізілді.

Аталмыш шара Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және облыстық психикалық денсаулық орталығымен ұйымдастырылды. Кездесуге облыстық полиция департаменті ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі А.Әмірғалиева, «Облыстық психикалық денсаулық орталығы” ШЖҚ МКК директоры М.Токанов және “Біз спорт үшін, есірткіге қарсымыз” қоғамдық қорының жетекшісі Р.Уразимбетов, сондай-ақ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Е.Бураханов қатысты.

Шарарың басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, болдырмау.

Осы бағытта спикерлер толыққанды мағлұматтармен бөлісіп, студенттер мен оқытушы құрам тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру