Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Блонди – есірткі қылмысын әшкерелеудегі сенімді көмекші

Блонди – есірткі қылмысын әшкерелеудегі сенімді көмекші. Иісшіл ит биыл 75 келі есірткінің заңсыз айналымға өтуіне тосқауыл болды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Павлодар тұрғындары мен облыс қонақтары қызметтік ит Блондиді 5 жасқа толуымен құттықтады.

Осы уақыт ішінде Блонди есірткі қылмысына қарсы күресте полиция қызметкерлерінің сенімді көмекшісі ретінде өзін таныта білді. Тек 2025 жылдың өзінде оның қатысуымен 75 келіден астам синтетикалық есірткі заңсыз айналымнан алынды. Бұл – өңір қауіпсіздігіне қосылған елеулі үлес.

Құттықтауға Ertis Promenade сахнасында өткен мерекелік іс-шараға қатысушылар да үн қосты. Ашық аспан астында өткен концертке бейжай қарамайтын қала тұрғындары, қоғам қайраткерлері, жастар және қала қонақтары жиналды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру