Бокстан әлем чемпионы Ұлттық ұлан сарбаздарының қатарын толықтырды
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі және 2023 жылғы әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай еліміздің мәдени астанасында Отанға адал болуға салтанатты түрде ант етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5571 әскери бөлімінің саптық шеру алаңында Отан алдындағы борышын өтеу үшін еліміздің әр өңірінен қызмет етуге келген 700-ге жуық жас сарбаздың салтанатты түрде әскери ант қабылдауы өтті. Олардың арасында бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар.
– Армия – жас жігітке көп нәрсе беретін шынайы өмір мектебі. Боксшы ретінде бұл маған өте маңызды. Мен Ұлттық ұлан қатарына шақырылғанымды мақтан тұтамын. Мен абыроймен қызмет атқарып, әскери бөлімнің туын жоғары ұстаймын, – деді қатардағы жауынгер Санжар Тәшкенбай.