Бөлме ішінде байланған баланың бейнежазбасына қатысты тергеу жүргізілуде
Әлеуметтік желіде бөлме ішінде байланған баланың бейнежазбасы жариялануда, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
Баланың әкесі Сарыағаш АПБ-не 08.01.2020 жылы арызданған. Аталған жайт бірден тіркеуге алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша іс қозғалған.
Сонымен қатар сот-медициналық сараптама тағайындалған. Бүгінгі таңда белгілі болған сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, баланың денесінен ешқандай жарақат немесе күш қолданудың белгісі анықталмаған.
Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында, ерлі-зайыптылар арасындағы дау ер азаматтың ұзақ уақыт бойы алимент төлемегенінен басталған. Бұл отбасы 2014-2018 жж аралығында азаматтық некеде болған. Ерлі-зайыптының екі баласы бар: қыз және ұл бала. Баланың анасы ешқандай есепте тұрмайды.
Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары өз жалғасын табуда.