Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бородулиха ауданының тұрғыны гаражда қару жасырған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының тұрғыны гаражда қару жасырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 23 қазанында «Учаске» және «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Бородулиха ПБ полиция қызметкерлері қаруды заңсыз сақтау фактісін анықтады.

Белгілі болғандай, Жаңа Шүлбі ауылының 18 жастағы тұрғыны гаражында қару сақтаған.

– Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде жоғарыда аталған жігіттің гаражынан тапанша табылып, тәркіленді. Тергеу амалдары барысында,  жігіт 2020 жылы жазғы ас үйді жинастырып жүргенде, оның шатырынан мылтық тауып алып, кейін оны пешке жасырғанын айтқан. Алайда жауапкершіліктен қорыққан ол полицияға хабарламаған, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған қару оқ атуға жарамды, 9 мм калибрлі «МР-79-9» травматикалық тапаншасы болып табылады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды- қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, санкциясында екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру