Бородулиха ауданының тұрғыны гаражында есірткі сақтаған
Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының тұрғыны гаражында есірткі сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Учаске» жедел-алдын алу шарасы барысында, гаражында есірткі заттарын заңсыз сақтаған 36 жастағы Бородулиха ауданының тұрғыны ұсталды.
Жедел-тергеу іс-шаралары кезінде Жезкент кентінің шетінде орналасқан гаражды тінту нәтижесінде есірткі заты тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат есірткі – жалпы салмағы 14 грамм кептірілген марихуана болып табылады.
Ер адам есірткіні жеке пайдалану үшін сақтағаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.