Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Борышкер» ЖААШ: Қарағанды облысының полицейлері 21 млн теңгеге 1217 айыппұл өндірді

Қарағанды облысының полицейлері «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 21 млн теңгеге 1217 айыппұл өндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Облыстың аумағында 22-25 тамыз аралығында  «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Шараның мақсаты – әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша қаулыларының орындауына бақылау жасау.

Іс-шара барысында сот орындаушыларымен бірге полиция қызметкерлері заңмен белгіленген мерзімдерде төленбеген әкімшілік айыппұлдарды өндіру үшін бірнеше шара өткізді. Олар борышкерлерді тұрғылықты және жұмыс орындарына барды, сонымен бірге қасақана төлемеушілердің мүлікті алып қоюға және тыйым салуға дейін мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдады.

– «Борышкер» ЖААШ кезінде 21 млн теңгеден астам 1217 айыппұл өндірілді. Құқық бұзушылардың жұмыс орындарына 2,1 млн теңгеге 132 қаулы, жеке сот орындаушылар палатасына 7,1 млн теңгеге 486 қаулы жолданды. Еске саламыз, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 810-бабына сәйкес, тұлға әкімшілік жаза қолданылған сәттен бастап 7 күн ішінде айыппұл сомасының 50 пайызын төлеуге құқылы екенін еске саламын. Ал азаматтар өз айыппұлдарын электрондық үкімет порталында онлайн режимінде тексеріп, Egov.kz, сондай-ақ Qamgor.gov.kz, Kaspi.kz.. Kolesa.kz.,мобильді қосымшалар арқылы төлей алады, – деді Қарағанды облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бағдат Кәкімов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру