Бостандыққа шығып, жаңа өмір бастағандар
Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №3 мекемесінде рақымшылыққа іліккен — А. және В. есімді сотталғандар. Олар бостандыққа шығып, жаңа өмірдің парағын ашты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жазасын өтеу барысында олар мекеме арқылы "Довеку" ЖШС-қа жұмысқа орналасып, еңбекқорлықтары мен тәртіпке деген жауапкершіліктерін көрсетті. Рақымшылықтан кейін сотталғандар сол жерге еркін азамат ретінде оралып, еңбек жолын жалғастырды.
Қазіргі таңда олар қоғамға толық бейімделіп, Мемлекет басшысына және Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлеріне жаңа өмір бастауға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдіруде.
— Рақымшылық, сенім мен қамқорлықтың арқасында өмірімізді өзгерттік. Бұл мүмкіндік үшін үлкен рақмет! – дейді олар.
Бұл оқиға — еңбекке, тәртіпке және өмірін өзгертем деген ниетке негізделген сәтті қайта әлеуметтенудің айғағы.