Бөтелкелесінің көлігін заңсыз айдап кеткен ақмолалық ұсталды
Ақмолалық полицейлер көлікті заңсыз иемденген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қазан сағат 19.56-да Целиноград АПБ кезекші бөліміне Қосшы қаласының 36 жастағы тұрғыны жүгінді, ер адам оның ВАЗ-2110 маркалы автокөлік ұрланғанын мәлімдеді.
Жәбірленушінің айғақтары бойынша, оқиға болған кеште ол танысымен бірге спирттік ішімдік ішкен, нәтижесінде бөтелкелесі оған дене жарақатын салған және автокөлігін айдап әкеткен.
Шығын сомасы 800 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер қаскүнемнің жүрген жерін анықтады. Заттай дәлелдемелер, атап айтқанда, ВАЗ-2110 маркалы автокөлік тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы (Автомобильді заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі іс басталды.