Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бөтеннің көлігін заңсыз иеленген ер адам ұсталды

Павлодар облысында бөтеннің көлігін заңсыз иеленген 47 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Автомобильді айдап кетудің көпшілігі түнде болады, бірақ сонымен бірге мұндай жағдайлар жұмыс күнінің ортасында көптеген жолаушылардың көз алдында да болады.

Мәселен, 2 тамызда сағат 15.00 шамасында Павлодар қаласының тұрғынынан өзінің «ВАЗ-2101» маркалы ақ түсті көлігін заңсыз тартып алу фактісі туралы «102» жедел кезекшісінің басқару пультіне қоңырау түсті.

Қабылданған қоңырауға сәйкес, Солтүстік Полиция бөлімінің кезекшісімен бүкіл жеке құрамға бағдарланған және «Перехват» жоспары жарияланды.

Сағат 15.45-те Геринг-Большая объездная көшелерінің қиылысында бұл көлікті Солтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Нұрлан Шакенов ұстады. Автокөлік рөлінде 1973 жылы туған ер адам жүргізуші болған. Күдікті ұсталып, Павлодар қаласының УҰИ тергеу абақтысына қамалды.

Бұл факт тексерілуде.

Автокөлікті күзетілмеген тұрақтарда немесе қараусыз қалдырған автомобиль иелері көбінесе ұрылардың құрбанына айналады. Сондықтан автокөліктердің ұрлануының және айдап кетуінің алдын алу үшін автокөлік иелері өздерінің мүліктерін сақтап, ұрлықтың барлық мүмкін әдістерін қарастырып, оларды алдын-ала болдырмауы керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру