БҚО бойынша ҚАЖД мекемесінде ашық есік күні өтті
БҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты №27 мекемесінде “Ашық есік күні” іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шара басталмас бұрын мекеме қызметкерлері келгендерге оны өткізудің жоспары туралы айтып, тыйым салынған аумақта өзін-өзі ұстау және тыйым салынған заттардың заңсыз әкелінуіне жол бермеу жөнінде нұсқау берді.
Бұл іс-шараның мақсаты – сотталғандардың туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланысты нығайту, сотталғандармен тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру, сотталғандарды мінез-құлық құқығына ынталандыру және оларды босатылғаннан кейін қоғамға неғұрлым тез бейімделуге дайындау болды.
“Ашық есік күні” іс-шарасы мекемеде жыл сайын тұрақты негізде өткізіледі, өйткені мұндай жұмыс түрі тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру үшін қажетті әлеуметтік-пайдалы байланыстарды сақтаудың жақсы тәсілі. Отбасы және оның қолдауы бас бостандығынан айыру орындарында қалған адамдар үшін өте маңызды.
Келген қонақтар сотталғандар тұратын жатақханаларға, асхана мен мекеме кітапханасымен танысты. Танысу экскурсиясынан кейін сотталғандарға келген туыстарымен сөйлесуге және шай ішуге уақыт берілді. Іс-шара соңында мекеме басшылығы сотталғандарға белгіленген түзету жолынан адаспауға, ал олардың туыстарына олардың тез әлеуметтенуіне және толыққанды тұлғалардың қоғамға оралуына ықпал ете отырып, қолдау көрсетуге тілек білдірді.
– Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандар арасында моральдық-психологиялық ахуалға оң әсерін тигізіп, туыстық байланысты қалыптастыруға көмектеседі, – деді сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы Дастан Акшолаков.