БҚО бойынша ҚАЖД мекемесінде құқық қорғау қызметі студенттерімен кездесу өтті
БҚО бойынша ҚАЖД мекемесінде құқық қорғау қызметі студенттерімен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 5 қарашасы күні БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/2 мекемесінің кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет аға лейтенанты А. Өтеген және кадр саясаты тобы инспекторы әділет лейтенанты Г. Аманжол департаментке қарасты мекемелердегі бос лауазымдарды жиынтықтау мақсатында Батыс Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Құқық қорғау қызметі» мамандығының соңғы курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кадр инспекторларымен кездесу барысында ҚАЖ мекемелерінің тарихы, қызметкерлердің жұмысы, қылмыстық-атқару саласының қызметкерлеріне көрсетіліп жатқан әлеуметтік жеңілдіктер, қызметкерлердің міндеттері, қылмыстық-атқару жүйесі жайлы ақпарат берілді.
Соңғы курс студенттерінің қызығушылық танытып қойған сұрақтарына жауап берілді, мекеменің режимдік аумағымен таныстырылды. Кездесу соңында үміткерлерге хабарландыру қағаздары таратылды.