Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталғандар арасында зияткерлік ойын ұйымдастырылды

БҚО бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталғандар арасында зияткерлік ойын ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты №28 мекемесінде тәрбиелік және танымдық бағыттағы ерекше іс-шара – "Логика қайда?" атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Іс-шараны тәрбие бөлімі жоғары деңгейде өткізіп, қатысушыларға тележобалардағыдай әсерлі көңіл-күй сыйлады. Ойын барысында үлкен экран мен проектор қолданылып, қатысушыларды ерекше интеллектуалдық атмосфераға бөлеп, білім мен тапқырлық сайысына тартты.

Зияткерлік ойын төрт кезеңнен тұрды:

Логикалық сұрақтар – қатысушылар жылдам әрі нақты ойлап, сұрақтарға дәл жауап беруге тырысты. Бұл кезең логикалық ойлаудың шапшаңдығы мен тереңдігін бағалауға арналды.

Ұқсастығын тап – әртүрлі ұғымдар арасындағы байланыстарды анықтап, салыстыру арқылы қатысушылардың аналитикалық қабілеттері сыналды.

Фразеологизмдер – қазақ тіліндегі тұрақты тіркестерді дұрыс пайдалану, мағынасын түсіну арқылы тіл байлығы мен мәдениетке құрмет деңгейі бағаланды.

Қосымша тур – бұл кезеңде командаларға әртүрлі қызықты тапсырмалар ұсынылып, шығармашылық ойлау мен тапқырлық маңызды рөл атқарды.

Іс-шараның басты ерекшелігі — қатысушылардың тек білімдерін ғана емес, командалық жұмыс, бір-бірімен пікір алмасу, тыңдау, және тиімді шешім қабылдау дағдыларын дамыту болды. Әр кезең логикалық ойлау, байқағыштық пен креативті көзқарасқа негізделіп, қатысушылардың интеллектуалдық әлеуетін арттырды.

Зияткерлік ойын барысында ерекше белсенділік танытқан командалар әділқазылар тарапынан бағаланып, ынталандыру мақсатында марапаттарға ие болды. Мұндай шаралар қатысушылардың бос уақытын тиімді өткізуге, бір-бірімен жақын араласуға және білімге деген құлшыныстарын арттыруға үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.

Тәрбие бөлімі бұл жобаны дәстүрлі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр. Болашақта "Логика қайда?" ойынының мазмұны мен форматы одан әрі жетілдіріліп, жаңа тақырыптар мен қызықты тапсырмалар енгізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру