Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО бойынша ҚАЖД мекемесінде "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында жиын өтті

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты  №1 мекемесі 18 ақпанда есепте тұрған тұлғалардың қатысуымен "Заң және тәртіп" қағидаты аясында ашық жиын өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Ақжайық аудандық прокурорының көмекшісі, мансап орталығы мен жұмыспен қамту орталығының өкілдері, аудандық емхананың психолог маманы және Халық банкінің аға менеджері қатысып, әр саласы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзудың салдары, қайта құқық бұзушылыққа жол бермеу маңыздылығы түсіндірілді. Мамандар сотталғандардың міндеттері мен шектеулері, пробациялық бақылау талаптарын орындау қажеттігіне кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар қатысушыларға әлеуметтік бейімделу, жұмысқа орналасу, тұрмыстық мәселелерді шешу жолдары бойынша кеңестер беріліп, заң талаптарын сақтау әр азаматтың басты міндеті екені атап өтілді.

Жиынның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың заңға деген құрметін қалыптастыру және қоғамда қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру