БҚО бойынша ҚАЖД қызметкері Азия чемпионатының жүлдегері атанды
БҚО бойынша ҚАЖД қызметкері зілтемір көтеру спортынан Азия чемпионы атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Гонконгта 8-12 қазан аралығында Азия елдерінің ең мықты спортшылары қатысқан зілтемір көтеру бойынша Азия чемпионаты өтті.
84 келі салмақ дәрежесінде Қазақстанның атынан халықаралық аренада өнер көрсеткен Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінің бас маманы Ольга Джумашева жеңіске жетіп жүлделі 1 орын алды.
Отанға оралғаннан кейін спортшыны қылмыстық-атқару жүйесі департаментіндегі әріптестері және Батыс Қазақстан облысы спорт басқармасының өкілдері салтанатты түрде қарсы алды.
Ольга Джумашева осы спорт түрімен бес жылдай айналысып келеді және осы уақыт ішінде халықаралық жарыстарда аймақ пен елді дәріптей отырып, бірнеше рет жеңіске жеткен.