БҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері ардагерге құрмет көрсетті
БҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері ардагерге құрмет көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО бойынша №74 мекеменің жеке құрамы мен жас қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесінде 25 жылға жуық адал қызмет атқарған, еңбек жолын қарапайым бақылаушы лауазымынан бастап, мекеме бастығына дейінгі жауапты қызметті абыроймен атқарған ардагер, запастағы әділет подполковнигі Әлібек Хамитұлымен кездесті.
Мұндай тағылымды жүздесулер жастардың кәсіби әрі рухани дамуына серпін беріп, тәртіп пен адалдыққа баулитын маңызды іс-шара. Кездесу барысында ардагер өз қызмет жолындағы жарқын сәттер мен жинақтаған бай тәжірибесін ортаға салып, құқық қорғау саласындағы жауапкершілік, тәртіп пен адамгершілік ұстанымдары жайында мағыналы әңгіме өрбітті. Жас мамандар үшін бұл – үлкен өмір мектебі мен құнды бағыт-бағдар болды.
Шара соңында мекеме бастығы Серік Майданұлы ардагерді 65 жас мерейтойымен құттықтап, шынайы лебізін білдірді. Ол Әлібек Хамитұлына зор денсаулық, отбасы амандығы, сарқылмас күш-қуат пен мол табыс тіледі.