Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО бойынша тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізбек болған азамат ұсталды

БҚО бойынша тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізбек болған азамат ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысындағы тергеу изоляторында режим бөлімі қызметкерлері азық-түлік сәлемдемелерін тексеру барысында үйден әкелінген бәліштің ішіне жасырылған, ерекше иісі бар жасыл түсті затты анықтап, тәркіледі. Азаматтық тұлға аталған затты азық-түлікпен бірге тергеу қамауындағы адамға өткізуге әрекет жасаған.

Бұл факт жаппай бейнебақылау жүйесі арқылы тіркелді. Қазіргі уақытта тыйым салынған затты ҚАЖД мекемесіне өткізуге талпынған азаматқа Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды.

Осыған байланысты ҚАЖД мекемелерінде азаматтық тұлғалармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары күшейтіліп, тексеру топтарының қызметі барынша қарқындатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру