Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да 211 мас жүргізуші анықталды

БҚО-да 211 жүргізуші көлікті мас күйінде айдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол апатының алдын-алу және қоғамдық көлік жүргізушілерінің тәртібін жақсарту мақсатында БҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. 23 күннің ішінде БҚО аумағында 11 429 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 211 жүргізуші көлікті масаң күйде тізгіндеген. Іс-шара басталғалы бері тәртіп сақшылары көлік жылдамдығын арттырғаны үшін 4248 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Бағдаршамның тыйым салынған дабылынан өту бойынша 88 дерек, маневр жасау ережелерін бұзушылардың – 626, қауіпсіздік белдігін тақпаған 1 111 дерек анықталды.

Сонымен қатар, БҚО аумағында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 38 әкімішілік құқық бұзушылық анықталды. Екі күн ішінде тәртіп сақшылары серіктестіктің тасымалдаушы көлік жүргізушілері мен қалалық маршруттарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш шара барысында БҚО ПД қызметкерлері жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 13 фактісін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру