Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да алимент төлеуден жалтарып жүрген қос азаматтығы бар ер адам анықталды

Батыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарған қос азаматтығы бар ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі алимент төлеуден жалтарған, іздеуде жүрген 48 жастағы ер адамды анықтады. Іздестіру шаралары барысында ер адамның Ресей Федерациясы аумағында жүргенде тегі мен әкесінің атын өзгертіп, Ресей азаматтығы мен төлқұжатын алғаны белгілі болды.

Осылайша, ол құқық қорғау және шекара қызметтерін алдап, Қазақстан Республикасының шекарасын кедергісіз кесіп өткен. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оның қос азаматтығы бар екені дәлелденді. Сот шешімі бойынша құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 540 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

2024 жылдың 12 айында облыс полициясы қос азаматтық алудың 57 фактісін анықтады. Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті осындай құқық бұзушылықтарды анықтау және "Заң мен тәртіп" қағидатын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру