Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да ауыл тұрғыны жасырын бөлмеде есірткі зертханасын жасаған

БҚО-да ауыл тұрғыны жасырын бөлмеде есірткі зертханасын жасаған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО ПД Теректі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 35 жастағы ауыл тұрғынының үйінен жасырын бөлме тапқан. Бұл бөлмеде ер адам есірткі өсіру үшін зертхана жабдықтаған. Бөлмеден 24 грамм кептірілген қарасора, және оның өсіп тұрған 5 түбі мен екі желдеткіш құрылғылары, сондай-ақ шегуге арналған әртүрлі құралдар тәркіленді. Сонымен қатар өсімдіктердің өсуіне жағдай жасау үшін пайдаланылған түбі мен мойны кесілген екі пластик бөтелке табылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Құрамында есiрткi заттары бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру Қазақстан Республикасының заңдары бойынша қудаланады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабына сәйкес бұндай қылмыстар үшін екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру не үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру