БҚО-да бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды
БҚО-да Орал – Атырау тас жолында бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз тасымалдаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО Бәйтерек ауданына қарасты Щапов ауылы маңында Орал – Атырау автожолында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Hyundai Accent көлігін тоқтатты. Көлік тізгінінде 31 жастағы ер адам болған.
Тексеру барысында тиісті рұқсат құжаттары жоқ бекіре тұқымдас (стерлядь) 10 балық анықталды. Сонымен қатар арнайы ау және балық аулауға арналған қармақтар тәркіленді.
Қызыл кітапқа енген және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келтірілген залал көлемі анықталу үстінде.
Полиция табиғатқа келтірілген залал үшін жауапкершілік қатаң екенін ескертеді.