Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да бопсалау фактісіне қатысы бар күдіктілер ұсталды

БҚО-да бопсалау фактісіне қатысы бар күдіктілер ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жергілікті тұрғыннан ақша бопсалады деген күдікпен екі аудан тұрғынын ұстады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілер Теректі ауданының 29 жастағы тұрғынын қорқытып, одан 1 млн. теңгеден аса қаражат бопсалаған. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлкін тәркілеу түріндегі жаза көзделген.

Полиция азаматтарды құқыққа қайшы әрекеттерге тап болған жағдайда уақтылы құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру