Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да бопсалауға қатысы бар күдікті УҰИ-ға қамауға алынды

БҚО-да полиция жастар арасындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жастар арасында жасалатын қылмыстарды анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Атырау облысының тұрғынының БҚО тұрғынына қатысты қылмыс жасағаны анықталды.

Анықталғандай, осы жылдың жаз айларында күдікті жәбірленушінің пәтерінде болған кезде, қорқытып, оның iPhone 15 телефонын иемденіп, қызды сол телефонды ломбардқа тапсыруға мәжбүрлеген. Барлық әрекет күдіктінің бақылауымен жүргізілген. 500 мың теңге көлемінде ақша алған соң, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жастар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жұмыстары БҚО ПД басшылығының ерекше бақылауында және бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру