Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да есірткіге мас 4 жігіттен пышақ, телефондар мен есірткі тәркіленді

БҚО-да есірткіге мас төрт жігіттен пышақ, телефондар мен есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қаңтарда шамамен сағат 23.15-те Жәңгір хан көшесінің бойындағы «Москвичи» автожанармай құю станциясының жанында ресейлік тіркеудегі Lada Granta автокөлігі тоқтатылды. Онда 1998, 1999 жылы туған төрт жас жігіт болған.

Олар Қызылорда қаласынан келе жатқанын айтты. Олар Подстепный кентінде орналасқан блок-бекетінен өте алмағандықтан, саяжай алабы арқылы айналып өтпек болған. Жігіттердің мінез-құлқы күдікті болды және алкогольдің өткір иісі машинаның салонынан шығып тұрды. Полиция қызметкерлері дереу автокөлік пен жолаушыларды жеке тексеріп, полиция бөліміне жеткізді. Ал жүргізушіге медициналық тексеру жүргізіліп, оның есірткі заттарын (марихуана) пайдалану фактісін растады.

Сонымен қатар, автокөлікті тексеру нәтижесінде жүргізушіден екі ас үй пышағы табылды, өзіне тән иісі бар жасыл түсті ұнтақ тәрізді заты бар қорапша және төрт ұялы телефон алынды.

Ұялы телефондар алынып, тексерілді, ішінен «есірткі салатын жасырын орындары» бейнеленген және қол қойылған көптеген фотосуреттер табылды.

Алынған заттар мен заттар сараптамаға жіберіледі, оның нәтижелері бойынша фактіні СДТБТ-ға тіркеледі.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, жүргізуші мен жолаушылар ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабына сәйкес төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру