Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да есірткіні заңсыз өсіру фактісі анықталды

БҚО-да есірткіні заңсыз өсіру фактісі анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора — 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсіру фактісі анықталды.

Бәйтерек ауданының елді мекендерінің бірінде 49 жастағы ер адам өз үйінің ауласында есірткі өсімдіктерін өсіріп келген. Тінту кезінде оның ауласынан жалпы көлемі 450 шаршы метр болатын, көлеңке түсіретін тормен жабылған және автоматты суару жүйесімен жабдықталған жасырын жылыжай табылды.

Аталған жылыжайда қарасора тұқымдас өсімдіктерді өсіру жүзеге асырылған. Тергеу барысында, құрамында есiрткi заттары бар 47 түп өсiмдiктер тәркіленді. Күдіктінің айтуынша, ол осы жылдың көктемінде тұқымды сатып алып, сәуір айынан бастап өсірумен айналысқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция азаматтарға есірткі шөптерін заңсыз өсіру үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру