Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да Хаби Сарсенғалиевтің 100 жылдығына орай ардагерлер арасында волейболдан ашық турнир өтті

БҚО-да Хаби Сарсенғалиевтің 100 жылдығына орай ардагерлер арасында волейболдан ашық турнир өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері, милиция полковнигі Хаби Сарсенғалиевтің 100 жылдық мерейтойына орай ардагер полиция қызметкерлері арасында волейболдан ашық турнир ұйымдастырылды. Дәстүрлі спорттық дода Орал қаласындағы “Жайық арена” спорт кешенінде өтті.

Іс-шараны Батыс Қазақстан облыстық "Динамо" дене шынықтыру және спорт қоғамы мен БҚО полиция департаменті бірлесіп ұйымдастырды.

Турнирдің негізгі мақсаты — қоғамға сіңірген еңбегімен ел есінде қалған ардагерлердің ерлігі мен қызмет жолын құрметтеу, жас буынға үлгі ету, салауатты өмір салтын дәріптеу, сондай-ақ ардагерлер арасындағы достықты, бірлікті нығайту болды.

Бәсекеге облыстың әр өңірінен жиналған полиция ардагерлерінен құралған жеті команда қатысты. Қатысушылар спорт алаңында өз шеберліктерін паш етіп, нағыз командалық рух пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген командалар мен жекелеген ойыншылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру