Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да кісі өлтірген күдікті қолға түсті

Орал қаласында полиция қызметкерлері әйелді өлтірген күдіктіні анықтап, қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыскерді анықтауға қылмыс орнында табылған дәлелдемелер көмектесті. Оқиға болған жерді мұқият тексеру барысында криминалист маман бөлмелердің бірінен криминалистикалық есепке алу мәліметімен тексеру кезінде деректер базасында адамның деректерімен сәйкес келетін дәлелдемелерді тауып, тәркіледі.

Қылмысқа барған күдікті қаза болған әйелмен көршілес тұрған Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Сондай-ақ оқиға орнынан басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салар болсақ, 31 шілде күні Орал қаласындағы жер үйлердің бірінен 1957 жылы туған әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіті табылған болатын.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы және Орал қалалық ПБ-ның полиция қызметкерлері дереу жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру