БҚО-да көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші құрықталды
БҚО-да көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 тамыз сағат түнгі 03:00 шамасында Самара – Шымкент тас жолының 403-шақырымында БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 44 жастағы ер адамның басқаруындағы ВАЗ-2109 автокөлігін тоқтатты. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші көлікті «жеңіл дәрежедегі» мас күйде басқарған. Сондай-ақ азаматтың Сырым аудандық сотының үкімімен көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғаны белгілі болды.
Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-ның 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
Қазақстан Республикасы ҚК-ның 608-бабы 1-бөлігіне (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) сәйкес, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес мың АЕК-ге дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 1200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.