Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда көлікті жалған нөмірмен басқарған жүргізуші анықталды

Атырауда көлікті жалған нөмірмен басқарған жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласының аумағында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғасын алдын алу мақсатында арнайы бағдарламалық жүйенің көмегі арқылы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жедел басқару орталығымен бірлесіп күнделікті қызмет атқаруда.

Іс-шара барысында Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойында DODGE автокөлігінің жүргізушісі тоқтатылып, тексеру кезінде көлікті жалған мемлекеттік тіркеу белгісімен басқарғаны белгілі болды. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, материал сотқа жолданды. Сондай-ақ бағдарламалық жүйенің көмегі арқылы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қ.Сәтпаев көшесінің қиылысында 21 төленбеген айыппұлы бар Toyota автокөлігін тоқтатып, айып тұрағына қойды.

Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік — әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Ережеге бағыну — өз өміріңізге және айналаңыздағы адамдарға деген құрметтің белгісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру