Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды

БҚО-да мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері Бөкей орда және Тасқала аудандарының полиция бөлімдерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мал ұрлығымен айналысқан төрт адам ұсталды.

Белгілі болғандай 2024 жылғы қараша айынан 2025 жылғы маусым айына дейін күдіктілер Бөкейорда ауданы аумағында еркін жайылымда жүрген ірі қара малдарын ұрлап келген. Барлығы 49 бас ірі қара мал ұрланған. Мал иелеріне келтірілген жалпы шығын шамамен 20 млн теңгені құрайды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар олардың мал ұрлығы бойынша тағы үш қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта олардың өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру