Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да мектеп оқушылары кинология қызметімен танысты

Оралда мектеп оқушыларына БҚО полиция департаментінің кинология қызметі орталығына экскурсия ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым Балаларды қорғау күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны мен жылдам қимылдайтын арнайы жасағы бірқатар тәрбиелік әрі танымдық шаралар өткізді.

Шара аясында Орал қаласының №10 жалпы білім беретін мектебі мен №46 мектептің “Жас сақшы” сыныбының оқушыларына кинология қызметі орталығына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар кинолог мамандардың қызметімен танысып, қызметтік иттердің дағдыларын тамашалады.

Сонымен қатар патрульдік полиция мен арнайы жасақ қызметкерлері жауынгерлік күрес тәсілдерінен шеберлік сабағын өткізді. Балалар полиция қызметкерлерінің физикалық дайындығына куә болып, олардың күнделікті қызметінің маңыздылығы жайлы мәлімет алды.

Бұл шара жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыруға және патриоттық тәрбиені нығайту бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру