Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

БҚО-да мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Орал қаласынан мемлекетаралық іздеуде болған 28 жастағы Ақтау қаласының тұрғынын қолға түсірді.

Тергеу барысында анықталғандай, ол 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 10% табыс болады деп Ақтау тұрғынын алдап, сеніміне кіріп, 58 миллион теңгеден астам қаржысын иемденді деген күдікке ілінген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал оның ұсталғаны жөнінде бастамашы орган — Маңғыстау облыстық полиция департаментіне хабарланды.

Бұдан бөлек, тергеу мен соттан жасырынған тұлғаларды анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесінде жыл басынан бері БҚО полицейлері іздеуде жүрген 54 адамды ұстаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру