Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да полицейге пара бермек болған тұрғын ұсталды

БҚО-да полицейге пара бермек болған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас жүргізуші жауапкершіліктен құтылу үшін патрульдік полиция қызметкеріне пара беруге тырысты. Белгілі болғандай, бұған дейін ол мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылған болатын. Енді ол бірден екі бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Аталған оқиға Батыс Қазақстан облысы Дарьинск ауданында орын алды. Қала сыртындағы трассаны патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері 1984 жылы туған С. есімді жүргізушінің басқаруындағы «Тойота Королла» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушіден спирттік ішімдіктің иісі шығып, полицейлер әкімшілік хаттама ресімдей бастаған кезде жүргізушінің бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Содан кейін С. есімді жүргізуші кішкене виски ішкенін мойындап, 100 мың теңге пара ұсына бастаған.

Патрульдік полиция қызметкерлері пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткеніне қарамастан, жүргізуші ақшаны қызметтік көліктің төсенішінің астына салған. Оқиға орнына Приуралдық Пб жедел тергеу тобы келіп, жүргізуші тарапына ҚР ҚК 367-бабы 1-бөлігі (Пара беру), сондай-ақ ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Бұрын т\с басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адаммен т\с басқару) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

БҚО Полиция департаменті лауазымды тұлғаға пара беру қылмыстық жазаланатын әрекет болып табылады, ол бас бостандығынан айыруға дейін жазаға әкеп соғады және осы құқық бұзушылықты жасамауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру