Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да полицейлер голландиялық өсімдіктерді тәркіледі

БҚО-да полицейлер голландиялық өсімдіктерді тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz

Оралда Кардон ауылының тұрғыны өз учаскесінде таңдаулы қарасораның 71 бұтасын өсірген. Бір қызығы, ауыл тұрғыны осы өсімдіктің тұқымына Голландияның өзінен тапсырыс берген. Полицейлер оның өсірген орнын тауып, тәркіледі.

БҚО ПД есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді өсіру, жабайы қарасораны заңсыз жеткізу арналарын жабу фактілерін анықтау және жолын кесуге бағытталған «Қарасор-2022» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында БҚО ПД есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен Орал қаласы Кардон ауылында 53 жастағы азаматтан тінту іс-шараларын жүргізу барысында өсірілген қарасораның 71 бұтасы, тыңайтқыштар, өсімдіктерді өңдеуге арналған бүріккіш пистолет тауып, тәркіледі және оның сарайынан кептірілген марихуана табылды.

Видео мұнда

Айта кету керек, ер адам агротехникалық шараларға мұқият қараған. Ол Кардон ауылында үй сатып алған және үйдің ауласында төбесіз үш биік қоршалған бөлмені жабдықтаған. Оларды суару үшін су өткізген және тұқым отырғызған. Жедел уәкілдер күдіктінің шамамен үш ай бұрын интернет арқылы экзотикалық өсімдіктің 100 тұқымына тапсырыс бергенін анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру